-
Ақтөбе облысында медициналық ұйымдардың АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелеріне жауапты мамандарына арналған бес күндік семинар-тренинг өткізілді.
Оқыту барысында қатысушылар АИТВ-инфекциясының алдын алу, анықтау және диагностикалау, АИТВ-ға тестілеу, АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу, сондай-ақ медициналық ұйымдардағы авариялық жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері бойынша теориялық және практикалық білім алды.
Сонымен қатар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар практикалық тапсырмаларды орындап, экспресс-тестілеу жүргізу дағдыларын жетілдірді және медициналық ұйымдарда АИТВ-инфекциясының алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Оқу қорытындысы бойынша мамандардың алған білімдері мен практикалық дағдыларын бағалау мақсатында аттестаттау өткізілді.
Семинар медициналық ұйымдардың жауапты мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыруға және облыс көлемінде АИТВ-инфекциясының алдын алу жұмыстарын жетілдіруге бағытталды.





