Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі өкілдеріне арналған семинар кеңес

02
март 2021

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі өкілдеріне арналған семинар кеңес

26 ақпан күні «Ақтөбе облысының қылмыстық атқару жүйесінде АИТВ-жұқпасын алдын алу»тақырыбында қылмыстық атқару жүйесі және Полиция департаменті өкілдеріне арналған семинар-кеңес өтті.      

Семинарда «АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидалары» № 211 бұйрығы бойынша ЖИТС ОО эпидемиолог дәрігері С.Муртазин және бас бостандығынан айыру мекемелерінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды диспансерлік бақылауалдын алу жұмыстары бойынша емдеу алдын алу бөлімінің инфекционист дәрігері Г.Дусеева, профилактикалық бөлімінің меңгерушісі А.Жайлаубаева баяндамалар  жасады. 

Семинарға барлығы 12 адам қатысты.