Ақтөбе Көпсалалы ауруханасында АИТВ-ға жедел тестілеуді қою бойынша оқыту өтті

20
декабрь 2024

Ақтөбе Көпсалалы ауруханасында АИТВ-ға жедел тестілеуді қою бойынша оқыту өтті

Ақтөбе ЖИТС орталығының мамандары АИТВ-инфекциясына жедел тестілеуді қою бойынша практикалық сабақтар өткізді. Іс-шара көпсалалы облыстық аурухана базасында медицина қызметкерлері үшін ұйымдастырылды. 

Оқу барысында ЖИТС орталығының мамандары «АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық тексеру ережелері»тақырыбында семинар өткізді. АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу авариялық жағдайларда зардап шеккен медицина қызметкерлері мен авария кезінде инфекцияның ықтимал көздері болып табылатын адамдар, сондай-ақ белгілі бір тұрғылықты жері жоқ және стационарлық жағдайларда емделуге түскендердің жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар арасында жүргізіледі.

АИТВ-инфекциясын тексерудің практикалық сабағы капиллярлық қанның көмегімен p24 вирустық антигенін және АИТВ-ның бірінші және екінші типті антиденелерін анықтайтын жедел сынақтармен жүргізілді.