Ақтөбе қаласының тұрғындары үшін науқан

25
ноябрь 2019

Ақтөбе қаласының тұрғындары үшін науқан

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампания аясында  ЖИТС орталығының мамандары №1ҚЕ «Келешек», №3 ҚЕ   «Жас ұрпақ» жастар денсаулық орталықтарымен  бірлесіп «Аида», «Тұрғындар қалашығы» базарларында және «SITY» шопинг орталығында науқан өткізді.
Науқанның мақсаты-АИТВ-жұқпасының алдын алуға  көпшіліктің назарын аударту, тұрғындардың ақпараттандыру деңгейін жақсарту және  адамдардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мен өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауын орнықтыруға ықпал ету. 
Шара барысында ЖИТС орталығының мамандары өткізіліп жатқан шараның  маңыздылығы, сондай-ақ АИТВ-жұқпасының  берілу жолдары және алдын алу шаралары туралы айтып берді. Сондай-ақ, ниет білдірген қала тұрғындары өздерінің АИТВ статусын арнайы санитарлық автокөлігінде 20 минут ішінде жедел тестілеу  арқылы біле алды. Науқан барысында ақпараттық-ағарту  материалдары таратылды.