Ақтөбе қаласының медицина қызметкерлеріне арналған семинар

24
январь 2019

Ақтөбе қаласының медицина қызметкерлеріне арналған семинар

2019 жылдың 22 қаңтарында Ақтөбе қаласының №4 емханасында ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Алтынай Артықбаева орта мектептердің медицина қызметкерлері мен «Жастар денсаулық орталығы» мамандары үшін семинар өткізді.

Семинар барысында қатысушылар емханаға тіркелген тұрғындар арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу әдістерін үйренді.

    «Жастар денсаулық орталығының» мамандарына АИТВ-жұқпасының алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетіліп, өткізілетін іс-шаралардың сапасына үлкен көңіл бөлінді.

2018 жылы емхана мамандарымен 2 мыңнан астам іс-шара өткізілді және 40 мыңнан астам адам қамтылды.