Ақтөбе қаласындағы түнгі клубтағы шара

04
декабрь 2019

Ақтөбе қаласындағы түнгі клубтағы шара

 Жыл сайын бүкіл әлемде 1988 жылдан бастап АИТВ-жұқпасы туралы тұрғындардың ақпараттандыру деңгейін арттыруға және АИТВ-жұқпасымен өмір сүретін азаматтарға қолдау танытудың ынтымақтастық белгісі әлемде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны өткізіледі. 
Биылғы 2019 жылғы дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің тақырыбы-«қауымдастықтардың маңызы бар» деген атаумен өтуде. Бұл халықаралық, ұлттық және жергілікті деңгейде АИТВ-жұқпасына  қарсы бірлескен іс-қимылды қауымдастық болып бірлесе қолға алудың маңыздылығына арналған. 29 қараша күні ЖИТС орталығының мамандары «Сенім-тірек» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, «Рахат»ойын-сауық кешенінде шара өткізді. Шара викторина түрінде өтті. Қатысушыларға АИТВ / ЖИТС бойынша сұрақтар қойылып, дұрыс жауаптар үшін шағын сыйлықтар, қорғаныс құралдары және ақпараттық-ағарту материалдары берілді. Іс-шараның негізгі мақсаты-барынша кең ауқымда көпшілікке ақпарат беру.