Ақтөбе қаласындағы неонатолог дәрігерлер мен педиатрлық бөлімше меңгерушілері және жалпы тәжірибелік дәрігерлерге арналған семинар.

18
сентябрь 2019

Ақтөбе қаласындағы неонатолог – дәрігерлер мен педиатрлық бөлімше меңгерушілері және жалпы тәжірибелік дәрігерлерге арналған семинар.

 

2019 жылдың 16-17 қыркүйегінде Ақтөбе облыстық ЖИТС – тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының базасында «АИТВ-жұқпасымен өмір сүретін және перинаталды байланысы  бар балаларға бақылау жүргізу» тақырыбында неонатолог-дәрігерлер мен  педиатриялық бөлімшелердің меңгерушілеріне және жалпы практика дәрігерлеріне арналған семинар өтті. Орталықтың мамандары семинарға қатысушыларды АИТВ/ЖИТС бойынша нормативтік құжаттардағы жаңа өзгерістер, АИТВ-жұқпасы бар балаларға ем жүргізу, сондай-ақ перинаталдық байланысы бар балалармен жұмыс жасаудың тиімді тұстарымен ақпараттандырды және облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Елімізде профилактикалық емнің қол жетімділігіне байланысты АИТВ-жұқпасы кезінде де дені сау балалардың туу мүмкіндігі ұлғаюда. Бұл ЖИТС қызметі мен босандыру, ана мен бала қызметтерінің бірлескен жұмыстарының  нәтижесінде тиімді болды. Жүкті әйелдер АИТВ — ға екі рет тестілеуден өтеді және АИТВ-жұқпасы анықталған кезде анадан балаға берілуін болдырмау мақсатында алдын-алу емдеу  шаралары тағайындалады. Сондай-ақ, алдын алу емі жаңа туған нәрестеге де тағайындалады. Бас дәрігердің орынбасарлары А. Каспирова, А. Шапиева және емдеу-алдын алу бөліммінің дәрігерлері семинарға қатысушыларға баяндамалар жасады.