Ақтөбе қаласындағы медицина қызметкерлеріне арналған семинар.

15
август 2019

Ақтөбе қаласындағы медицина қызметкерлеріне арналған семинар.

2019 жылдың тамыз айының 14-нде Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының маманы, дәрігер-эпидемиолог Самат Муртазин  облыстық балалар клиникалық ауруханасының медицина қызметкерлеріне арнап семинар өткізді.

 Семинар барысында ЖИТС орталығының мамандары қатысушыларды АИТВ-жұқпасына қатысты эпидемиологиялық жағдаймен , қолданыстағы нормативті-құқықтық актілермен таныстырды.Сонымен қатар «апатты жағдайлардағы» іс-әрекет ету алгоритмі туралы түсінік берілді.Медицина қызметкерлерінің  АИТВ-ға   қатысты білім деңгейін бақылау мақсатында семинарға дейін және кейін сауалнама жүргізілді.