Ақтөбе қаласындағы белсенді жастарға арналған дөңгелек үстел

16
ноябрь 2018

Ақтөбе қаласындағы белсенді жастарға арналған дөңгелек үстел

2018 жылы 16 қарашада сағат 11:00-де облыстық ЖИТС орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясына арналған дөңгелек үстел өтті. Оған жастар ұйымдарының өкілдері: КazMSA, Y-PEER, жастар ресурстық орталығы және ЖИТС сервистік ҮЕҰ «Сенім тірек» ҚБ, АФ «Қызыл ай» қоғамының өкілдері, сондай-ақ ведомстволық және медициналық ұйымдарының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында кампания аясындағы іс-шаралар жоспары талқыланды.  
Шараның соңында қатысушылар  ЖИТС орталығының «#ЯСдалТестнаВИЧ» челленджін қолдады.