Ақтөбе қаласында оқушылармен кездесу

31
январь 2020

Ақтөбе қаласында оқушылармен кездесу

 

2020 жылғы 27 қаңтарда Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының әлеуметтанушысы С. Мұхамбетжанова мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының 9-10 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу тақырыбы «Жастар арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу». 

Кездесу барысында әлеуметтанушы оқушыларға Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық жағдай, иммундық жүйе туралы түсінік, иммунитет ерекшеліктері, АИТВ-жұқпасы туралы, АИТВ-жұқпасының берілу жолдары және алдын алу туралы айтып берді.

Мектеп-интернаттың медицина қызметкері балалармен бірге ЖИТС-пен күрестің халықаралық белгісін бейнелейтін қызыл лента туралы ақпарат дайындады.

Кездесу соңында оқушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.