7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күні

08
апрель 2024

7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күні

Жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі. 5 сәуір күні Ақтөбе қаласы тұрғындары  арасында салауатты өмір салтын жүргізуге баулу  және насихаттау мақсатында қаламыздың барлық медицина мекемелерінің қатысуымен саябақтармен стадиондарда «Менің денсаулығым — менің құқығым» атты ұранымен науқан өтті.

Науқан кезінде ЖИТС орталығы мамандары тұрғындар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында ақпараттық білім беру материалдарын таратты және ниет білдірушілерге АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу жүргізді.

Дүниежүзілік денсаулық күнінің мақсаты-халықтың физикалық денсаулығын нығайтуға назар аудару, адамдардың салауатты өмір салты, маңызды аурулар және олардың пайда болу қаупі факторлары туралы сауатты түсініктерін қалыптастыру.