31.12.2023 ж. Облыстағы АИТВ/ЖИТС бойынша жағдай

18
январь 2024

31.12.2023 ж. Облыстағы АИТВ/ЖИТС бойынша жағдай

Өскелең қорытындымен (1989 жылдан бастап) облыста АИТВ жұқтырған 677 ҚР азаматтары тіркелді.

АИТВ-инфекциясының берілу жолдары бойынша талдау көрсеткендей, 31.12.2023 жылы анықталған барлық ҚР азаматтарының (677) арасында жыныстық жолмен жұқтыру басым – 72,4 % (490 адам), ал инъекциялық есірткі тұтыну кезінде парентеральды жол 25,3% (171 адам) құрады; қалған жағдайлар: тік жол — 6 (0,9%), анықталмаған — 9 (1,3%), артифициалды (шетелдегі медициналық манипуляциялар кезінде) — 1 (0,1%). 

Ақтөбе облысы АИТВ-инфекциясының таралуы салыстырмалы түрде төмен ҚР өңірлеріне жатады. Облыс бойынша АИТВ-инфекциясының таралу көрсеткіші 31.12.2023 ж. – АИТВмен өмір сүретін адамдардың  санынан 100 мың тұрғынға шаққанда 56,0 құрайды.

31.12.2023ж. 15-49 жас аралығындағы облыс тұрғындары арасында АИТВ-инфекциясының таралуы 0,11%, болжам бойынша 0,12% (31.12.2022 ж. — 0,099%) құрады.

ҚР азаматтары арасында анықталған жағдайлардың саны 2022 жылмен салыстырғанда 11,3% — ға (80-ден 71-ге дейін) азайды.

Есепті кезеңде облыс аумағында барлығы 71 АИТВ жұқтырған ҚР азаматтары, ал 2022 жылы — 80 ҚР азаматтары анықталды. ҚР азаматтары арасында АИТВ-инфекциясымен сырқаттанушылық көрсеткіші облыстың 100 мың тұрғынына шаққанда 2023 жылы 7,6; 2022 жылы – 8,6 құрады.

31.12.2023 ж. ҚР азаматтарының көпшілігі (677) ерлер (64,8%), әйелдердің үлесі — 35,2% құрайды. 2023 жылы анықталған әйелдердің (71) ішінен әйелдердің үлесі 32,4%, ерлер – 67,6% құрады.

Облыста анықталғандардың ішінен 2023 жылы ҚР азаматтары арасында (71) жыныстық жолдың (гетеро және гомосексуалдық) үлесі (60) — 84,5%, ал 2022 жылы (72) – 90,0% құрады.

Парентеральды жолмен жұқтыру 2023 жылы анықталған барлық жағдайлардың 12,7% құрады. (2022 жылы анықталғандардан — 6,3%).

2023 жылы — 71(2022 жылы-80) АИТВ — инфекциясының көпшілігінде 30 – 39 жас тобында — 35,2% (2022 жылы-45%) анықталды.

31.12.2023 жылға арналған диспансерлік есепте 471 АИТВ жұқтырған адам, оның ішінде 174 әйел, 5 бала бар. 440 адам АРТ алуда.