АИТВ-ның алдын алу: студенттермен маңызды кездесу

Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы Назым Утарова Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің студенттеріне дәріс өткізді. Кездесу барысында АИТВ-инфекциясының алдын алу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы, инфекцияның берілу жолдары мен қорғану шаралары талқыланды. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, денсаулықты сақтау және қауіпсіз өмір салтын ұстану туралы пайдалы ақпарат алды. Алдын алу мен ақпараттандыру — салауатты болашаққа бастар маңызды қадам!

Continue ReadingАИТВ-ның алдын алу: студенттермен маңызды кездесу

АИТВ-ның алдын алуға болады: Ақтөбеде профилактикалық жұмыстар жалғасуда

Ақтөбе облысында инъекциялық есірткіні тұтынатындар (ИЕТ) арасында АИТВ-инфекциясының таралуына эпидемиологиялық қадағалау жүргізу жұмыстары жалғасуда. Зерттеу АИТВ, С вирусты гепатиті мен мерездің таралу жағдайын зерделеуге, сондай-ақ халықтың негізгі топтары үшін профилактикалық және медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. АИТВ-инфекциясының таралуына эпидемиологиялық қадағалау (ЭҚТ) Қазақстанда жыл сайын немесе екі жылда бір рет өткізіліп, АИТВ профилактикасы жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – инфекцияның таралуы, халықтың ақпараттану деңгейі және жұқтыруға әсер ететін қауіп факторлары туралы объективті мәліметтер алу. Зерттеуге Ақтөбе қаласының 18 жастан асқан ИЕТ санатындағы тұрғындары қатысуда. ЭҚТ аясында мамандар анонимді кеңес беру, сауалнама жүргізу және АИТВ, С вирусты гепатиті…

Continue ReadingАИТВ-ның алдын алуға болады: Ақтөбеде профилактикалық жұмыстар жалғасуда