АИТВ-ның алдын алу: студенттермен маңызды кездесу

Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы Назым Утарова Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің студенттеріне дәріс өткізді.

Кездесу барысында АИТВ-инфекциясының алдын алу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы, инфекцияның берілу жолдары мен қорғану шаралары талқыланды.

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, денсаулықты сақтау және қауіпсіз өмір салтын ұстану туралы пайдалы ақпарат алды.

Алдын алу мен ақпараттандыру — салауатты болашаққа бастар маңызды қадам!