Облыстық білім басқармасымен кеңес

04
март 2021

Облыстық білім басқармасымен кеңес

3 наурыз күні Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығында Облыстық білім басқармасымен бірлескен «Білім беру жүйесінде  АИТВ-ның алдын алу сұрақтары бойынша интеграциялық шаралар» тақырыбында кеңес өтті.      

Кеңеске Ақтөбе облыстық білім басқармасы, ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарамасы, Облыстық психикалық денсаулық орталығы, Мұғалімдердің біліктілігін арттыру институты, С.Байшев атындағы университетінің өкілдері қатысты. Іс-шара кезінде АИТВ-жұқпасының алдын алу мен  бірігіп жұмыс атқарудың жоспарлары және есірткі тұтынушылардың арасында АИТВ-ның парентералды берілу жолының алдын алу сұрақтары талқыланды.

Облыстағы синтетикалық есірткі қолдану және заңсыз тарату жағдайлары туралы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарамасының маманы А.Аскаров сонымен қатар синтетикалық есірткінің адам ағзасына тигізетін зияндылығы туралы Облыстық психикалық денсаулық орталығының маманы С.Алманиязов мәлімдеме жасады.

Кеңеске барлығы 13 адам қатысты.