Жұмыс орындарындағы дәріс

20
сентябрь 2021

Жұмыс орындарындағы дәріс

16 қыркүйек күні алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева  «Жантай» ЖК мамандарына дәріс өткізді. Дәріс барысында маман АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары, стигма және кемсітушілік туралы айтты. Облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Аталған іс-шараның мақсаты халықтың АИТВ мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттыру, өз денсаулығы үшін жауапкершілікті жақсарту болып табылады.