октябрь 2021
Стигма және дискриминация
Зерттеулер көрсеткендей, АИТВ-мен байланысты стигма мен дискриминация кең таралған, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің өмір сүру сапасына теріс әсер етеді, сонымен қатар эпидемия салдарының ауырлығын арттырады. Стигма және кемсітушілік АИТВ-ның алдын алуды жүзеге асыру, АИТВ-ға тестілеумен қамтуды кеңейту, сондай-ақ медициналық көмекке және АИТВ-ны емдеуге қолжетімділік пен бейілділікті арттыру жолында елеулі кедергі болып табылады.
АИТВ / ЖИТС—қа байланысты стигма көптеген факторларға негізделген, оның ішінде ауруды түсінбеушілік, АИТВ-ның берілу жолдары туралы қате түсінік, емделуге қол жетімділіктің болмауы, бұқаралық ақпарат құралдарының эпидемия тақырыптарына жауапсыз мәлімдемесі, ЖИТС—тың емделмейтін сипаты, қоғамның көзқарасы бойынша, жыныстық қатынас, ауру және өлім, есірткіні тұтыну сияқты бірқатар нәзік мәселелерге қатысты алалаушылық пен қорқыныш.
