АИТВ-инфекциясының анасынан баласына берілу жолы

01
ноябрь 2021

АИТВ-инфекциясының анасынан баласына берілу жолы

Адамның иммун тапшылығы вирусы анасынан баласына үш негізгі жолмен беріледі:

  • жүктілік     кезінде плацента арқылы, бұл әсіресе     плацентаның қартаюы және оның өткізу     қабілеті жоғарылаған кезде маңызды     болады;      
  • босану     кезінде нәресте жұқтырған ананың     қанымен байланыста болады (Вирустың     берілу қаупі амниотикалық сұйықтықтың     мерзімінен бұрын құйылуы кезінде сағат     сайын 2% — ға, босану каналын құрайтын     тіндердің жыртылуымен артады);  
  • ана     сүтімен табиғи емізу кезінде, өйткені     емшек сүтінде вирустың үлкен концентрациясы     бар