«Жас дәурен» жастар денсаулық орталығындағы семинар

22
февраль 2022

«Жас дәурен» жастар денсаулық орталығындағы семинар

21 ақпанда ЖИТС ОО алдын алу бөлімінің меңгерушісі А. Жайлаубаева6 Қалалық емхана жанындағы «Жас дәурен» жастар денсаулық орталығының медицина қызметкерлеріне семинар өткізді. Жастар денсаулық орталығының мамандарына АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетілді. Семинар барысында маман АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары, Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық жағдай және нормативтік-құқықтық құжаттар туралы ақпарат берді.