Медициналық ұйымда проблемаға тап болсаңыз, пациенттерді қолдау қызметіне хабарласыңыз

26
апрель 2022

Медициналық ұйымда проблемаға тап болсаңыз, пациенттерді қолдау қызметіне хабарласыңыз

Сіздерді Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі қарсы алады.

Егер Сіз:

  •     медициналық     көмек көрсету сапасына қанағаттанбасаңыз;          

  •     медициналық     қызметкерлер тарапынан дөрекілікке     тап болсаңыз;     

  •     тегін     медициналық көмектің кепілдік берілген     көлемі шеңберінде көрсетілетін     медициналық қызметтер үшін медициналық     персоналдың ақшалай қаражатты бопсалау     фактілерімен кездессеңіз;     

  •     сондай-ақ     медициналық көмек көрсету тәртібі мен     сапасына байланысты басқа да проблемалық     мәселелермен кездессе.

Сіз орталықтың № 30 кабинетіне хабарласа аласыз немесе өзіңіздің аты-жөніңізді, байланыс деректеріңізді (телефоныңызды, мекенжайыңызды) кассаға қарама-қарсы орналасқан шағымдар мен ұсыныстар жәшігіне міндетті түрде көрсете отырып, жазбаша өтінішіңізді қалдыра аласыз.

Сонымен қатар Сіз біздің aktobe-aids.kz сайтқа және 21-31-97 сенім телефоны бойынша хабарласа аласыз.

Біздің ұйымымыздың медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін сіздің өтініштеріңіз, түсініктемелеріңіз бен тілектеріңіз үшін Сізге алғыс айтамыз.

Құрметпен, пациенттерге қолдау көрсету қызметі