Keruencity келушілеріне АИТВ-инфекциясы бойынша сауалнама жүргізілді

14
май 2022

Keruencity келушілеріне АИТВ-инфекциясы бойынша сауалнама жүргізілді

12 мамыр Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аясында облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері сауалнама жүргізді. Сауалнама «Keruencity» сауда-ойын-сауық орталығының келушілері үшін АИТВ-инфекциясы мен стигма, кемсітушілік туралы жүргізілді. Сауалнама жасырын түрде жүргізілді, қатысушыларға АИТВ-инфекциясы бойынша ақпарат берілді.

2022 жылы еске алу күні 15 мамырға келеді. Биыл Дүниежүзілік еске алу күнінің тақырыбы «Біздің жадымызда. Біз әрекет етеміз. Біз АИТВ-дан да күштіміз», «We remember. We take action. We live beyond HIV».