июнь 2022
Психологтарға арналған мастер-класс
8 мамыр күні ЖИТС орталығының психологы Сая Құлмағанбетова мен эпидемиолог дәрігер Сұлутас Дәулетбаева ҚАЖД психологтарына арналған оқыту семинарын өткізді. Семинардың тақырыбы: «Бас бостандығынан айыру орындарында АИТВ-мен (АӨСА) өмір сүретін адамдарды психологиялық қолдау».
Спикер АӨСА-мен жұмыс істеу ерекшеліктері, мәртебесін ашу кезінде әңгімені қалай жүргізу керектігі туралы айтып берді. Себебі АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдарға медициналық көмек қажет болғанға дейін әлеуметтік-психологиялық проблемалармен жиі күресуге тура келеді. АИТВ — мен өмір сүруді үйрену қиын міндет, ол көп күш-жігерді, сондай-ақ жақындары мен мамандарының қолдауы мен көмегін талап етеді. Сондықтан психологтар проблемаларды уақытында анықтап, психологиялық көмек көрсетуі керек.
