Дүниежүзілік ЖИТС ке қарсы күрес кампаниясы аясында семинар тренинг

28
ноябрь 2022

Дүниежүзілік ЖИТС ке қарсы күрес кампаниясы аясында семинар тренинг

Дүниежүзілік ЖИТС-ке күрес кампаниясы аясында 25 қараша күні ЖИТС орталығының мамандары дәрігер эпидемиолог Алтынай Артықбаева мен әлеуметтанушы Самал Мұханбетжанова «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Оған ЖИТС облыс орталығының аутрич қызметкерлері қатысты. 

Іс-шарада мамандар ЖЖБИ, берілу жолдары, негізгі белгілері, бүкіл әлем бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы негізгі ақпаратты айтып берді. Тренинг барысында «Мен сүйемін, мен сүймеймін», «Аукцион», ойын жаттығулары өткізілді. Іс-шара соңында мамандар сұрақтарға жауап берді.