Болжам жасама, АИТВ-ға тест тапсыр!

28
ноябрь 2022

Болжам жасама, АИТВ-ға тест тапсыр!

Дүниежүзілік ЖИТС ке қарсы күрес кампаниясы аясында науқан

Дүниежүзілік ЖИТС-ке күрес кампаниясы аясында 28 қараша күні ЖИТС орталығының мамандары дәрігер эпидемиолог Динара Уразалинова мен медбике Гүлдана Бакытова «Болжам жасама, АИТВ-ға тест тапсыр» тақырыбындағы науқанға қатысты. Науқан Марат Оспанов атындағы Батыс қазақстан мемлекеттік медицина университетінің эпидемиология кафедрасының ұйымдаструымен өтті. 

Науқан кезінде АИТВ-инфекциясы оның берілу жолдары, алдын алу шаралары, АИТВ-ға тестілеудің маңыздылығы, стигма мен дискриминацияға жол бермеу сұрақтары қарастырылды. АИТВ-ға қатысты стигма мен кемсітушілік бойынша бейнероликтер көрсетіліп, студенттер арасында флешмоб ұйымдастырылды. Іс шара соңында ниет білдірушілерге қызыл иек сұйықтығы (сілекей) арқылы АИТВ-ға жедел тестілеу жүргізілді.