Оқушылармен өткізілген семинар тренинг

23
январь 2023

Оқушылармен өткізілген семинар тренинг

Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігерлері Дәулетбаева Сұлутас, Артықбаева Алтынай 31 орта мектеп оқушыларына «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында семинар тренинг өткізді. Іс-шара 9, 10, 11 класс оқушылары арасында өтті.
Спикер АИТВ-инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары туралы айтып берді, сондай-ақ өз презентациясында Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, АИТВ-ға қатысты стигма мен кемсітушілік бойынша бейнероликтер көрсетті және берілу жолдары бойынша тренингін өткізді. Іс-шара соңында дәрігерлер барлық сұрақтарға жауап берді.