Автожол колледжінің студенттеріне арналған дәріс

22
май 2023

Автожол колледжінің студенттеріне арналған дәріс

Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс боғандарды еске алу күні шеңберінде алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігері Динара Уразалинова Автожол колледжінің студенттеріне дәріс өткізді. 

Маман АИТВ-инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары туралы айтып берді, сондай-ақ өз презентациясында Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, АИТВ-ға қатысты стигма мен кемсітушілік бойынша бейнероликтер көрсетті және берілу жолдары бойынша тренинг өткізді.