ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ОҚЫТУ

01
июнь 2023

ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ОҚЫТУ

31 мамыр күні облыстық ЖИТС алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығында қылмыстық-атқару жүйесінің медицина қызметкерлеріне «Бас бостандығынан айыру орындарында АИТВ-инфекциясына тестілеу мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Семинар аясында бас бостандығынан айыру орындарында арнайы контингентті тестілеу мәселелері талқыланды, оған преаналитикалық кезең кіреді: АИТВ-ға қан алудан бастап, биоматериалды облыстық ЖИТС орталығының зертханасына тасымалдауға дейін, арнайы контингентті тексеру ережелері. Сондай-ақ, тыңдаушылардың назарына Ақтөбе облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, оның ішінде пенитенциарлық жүйеде диспансерлеу және ББАО-да АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері, бостандығынан айыру орындарындағы АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері ұсынылды.