ноябрь 2023
Анвар гипермаркетінде Ақтөбе тұрғындары АИТВ-инфекциясына тексерілді
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері №5, №7 қалалық емханалардың жастар денсаулық орталықтарымен, «Сенім тірек» ҚБ, «Наша жизнь» ҚҚ, ҚР Қызыл Жарты Ай Қоғамы АОФ-мен бірлесіп, қала тұрғындары үшін «Анвар» гипермаркетінде акция өткізді.
Акция барысында қатысушылар «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» флешмобын ұйымдастырып, АИТВ-инфекциясы тақырыбына сұрақ-жауап конкурсын өткізді, онда дұрыс жауап берушілерге тәтті сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ әрбір ниет білдірушіге АИТВ-ға экспресс-әдіспен (жасырын, құпия) тексерілуге мүмкіндік берілді.
