Мұғалжар ауданында АИТВ инфекциясының алдын алу

22
февраль 2024

Мұғалжар ауданында АИТВ инфекциясының алдын алу

20-21 ақпанда Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологтары Динара Уразалинова мен Айжан Жайлаубаева АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында Мұғалжар ауданына барды. Жұмыс сапары барысында Мұғалжар аудандық ауруханасы, бизнес құрылымдары («Энергожүйе» ЖШС, «Қазпошта» АҚ, әкімдік, өрт сөндіру бөлімі, вагон депосы), колледждер мен мектептер қамтылды.

Іс-шара барысында тыңдаушыларға АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, алдын алу шаралары, облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ салауатты өмір салтын сақтау, қауіпсіз жыныстық мінез-құлық, АИТВ/ЖИТС-пен байланысты стигма және кемсітушілікке жол бермеу мәселелері қарастырылды.