Ақтөбеде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында баспасөз мәслихаты өтті

20
ноябрь 2024

Ақтөбеде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында баспасөз мәслихаты өтті

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникация қызметінде АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Конференция спикерлері: облыстық ЖИТС орталығының өкілдері бас дәрігердің орынбасары Анна Каспирова және бөлім меңгерушісі Айжан Жайлаубаева

«Дұрыс жолды -адам құқығы жолын таңдаңыз » — бұл 2024 жылы Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күнінің тақырыбы. Дүниежүзілік күн қарсаңында жастар қауымдастығында түрлі өзекті іс-шаралар жоспарланған: волейболдан спартакиада, «Quiz» зияткерлік ойыны, акциялар мен тренингтер.   Іс — шаралардың мақсаты-АИТВ-инфекциясының таралу проблемасына назар аудару және әр адамның құқықтарын қорғау арқылы халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі іс-қимылдарға шақыру. Ол үшін БҰҰ-ның    Адам құқықтары жөніндегі Жалпыға бірдей декларациясын сақтау және халықтың негізгі топтары үшін профилактикалық бағдарламаларға қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет. 

Спикерлер өңірдің эпидемиологиялық жағдайын, орталықтың жұмысын, қолданыстағы профилактикалық бағдарламаларды, АИТВ-ның таралуына қарсы күрес мәселелерінде ведомствоаралық ынтымақтастықты таныстырды, журналистердің сұрақтарына жауап берді.