27
ноябрь 2024
ноябрь 2024
«Keruen Sity» ОСО өткен ақпараттық акциясы
ЖИТС орталығының мамандары «Болашақ мұра» ҚҚ, №2, №6 емханалар жанындағы жастар денсаулық орталықтарымен, отбасылық медицина клиникасымен және «Болашақ» жоғары медициналық колледжінің студенттерімен бірлесіп «Keruen sity» ОСО-да ақпараттық акция өткізді. Акция қатысушыларына АИТВ туралы ақпарат + шоколад алуға мүмкіндік берілді . Сондай ақ АИТВ-ға жедел тестілеу ұйымдастырылды, онда әрбір ниет білдіруші анонимді тексеруден өте алды, оның нәтижелерін 20 минут ішінде білуге болады. Барлығы 20 адам тестілеуден өтті.
