«Алия» базарына келушілер арасында АИТВ-инфекциясын білуге сауалнама жүргізілді

08
апрель 2025

«Алия» базарына келушілер арасында АИТВ-инфекциясын білуге сауалнама жүргізілді

7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күні аясында М. Оспанов ат. БҚМУ медицина студенттері. АИТВ-инфекциясы тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнама АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын бағалау мақсатында жүргізілді. 

Сауалнамаға қатысқандардың 98%-ы АИТВ-инфекциясының берілу жолдарын дұрыс көрсетті. ЖИТС орталығында АИТВ-ға ерікті тестілеуден өтуге не кедергі келтіреді деген сұраққа респонденттердің 90% — ы АИТВ-ға тестілеу тегін және құпия негізде жүргізіліп жатқанына ешқандай кедергі жоқ деп жауап берді. Сауалнамаға қатысқандардың 10% — ы тестілеуге әлі дайын емес немесе нәтижелерден қорқады деп жауап берді.