ҚДИАҒО-да селекторлық кеңес: Ақтөбе ЖИТС орталығының жұмыс қорытындысы

24
июль 2025

ҚДИАҒО-да селекторлық кеңес: Ақтөбе ЖИТС орталығының жұмыс қорытындысы

21-22 шілдеде АИТВинфекциясының алдын алу жөніндегі өңірлік орталықтардың басшыларының қатысуымен өткен ҚДИАҒО —дағы селекторлық кеңесте бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындылары талқыланды. 

Ақтөбе ЖИТС орталығының бас дәрігері Айгүл Дүйсенбаева эпидемиологиялық жағдай, ЮНЭЙДС 95-95-95 Стратегиясының мақсаттарын орындаухалықты тестілеумен қамту, сондай-ақ АИТВның алдын алу бойынша халықтың негізгі топтарымен жұмыс туралы мәліметтерді ұсынды. АИТВмен өмір сүретін адамдарға медициналық көмек көрсету каскады және медициналық қызметтердің сапасы мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Әр баяндаманың маңызды бөлігі АИТВға тиімді күресуге кедергі келтіретін мәселелерді, сондай-ақ оларды жеңу жөніндегі ұсыныстарды жариялау болды. 

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл және қоғамдық ұйымдардың рөлі мәселелеріне ерекше назар аударылды. 

Кеңес қорытындысы бойынша профилактикалық жұмысты күшейтудімедициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуды қоса алғанда, екінші жартыжылдыққа арналған басым міндеттердің тізбесі айқындалды.