АИТВ және В және С гепатиттері туралы не білуіңіз керек?

04
август 2025

АИТВ және В және С гепатиттері туралы не білуіңіз керек?

АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) және В және С гепатиттері — негізінен қан, қорғалмаған жыныстық қатынас және вертикальді жолмен (жүктілік кезінде, босану кезінде және ана сүті арқылы) берілетін инфекциялар. Олар ұзақ уақыт бойы асимптоматикалық болуы мүмкін, денені іштен бұзады.

АИТВ-ны емдемесе иммунитет төмендеп, арты ЖИТС сатысына әкеледі.

 В және С гепатиттері бауырға әсер етеді және циррозды немесе бауыр ісігін тудыруы мүмкін.

 Алдын алу-қорғаудың ең жақсы тәсілі:

 Мүшеқаптарды қолданыңыз

 Басқа адамдардың инелерін, ұстараларын және тырнақ құралдарын пайдаланбаңыз

 В гепатитіне қарсы вакцина алыңыз

 Үнемі тестілеуден өтіңіз

 Емдеу бар!

Қазіргі заманғы дәрі-дәрмектер АИТВ және С гепатитімен ауыратын адамдарға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді. С гепатитін бүгін емдеуге болады!

 Жақын жерде орналасқан ЖИТС орталығында тегін және құпия тестілеуден өтіңіз.

Хабардар болыңыз-өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!