АИТВ орталығындағы семинар-кеңес: диагностикадан АИТВ-инфекциясының алдын алуға дейін

28
август 2025

АИТВ орталығындағы семинар-кеңес: диагностикадан АИТВ-инфекциясының алдын алуға дейін

26 тамызда облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында аудандық медицина орталықтарының мамандары мен медбикелеріне арналған семинар-кеңес өтті.

 Қатысушылар келесі сұрақтарды талқылады:

 АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай;

 халықты скрининг және тестілеу;

 АИТВ-ның тік берілу жолының алдын алу;

 АИТВ-ның вирустық гепатиттермен байланысы;

 биоматериалдың сапасы және жедел тесттер өткізу.

           Тәжірибелік бөлімге қан алу және жедел тест тапсыру дағдыларын пысықтау, сондай-ақ клиникалық көрсеткіштер мен зерттелушілерді кодтау бойынша интерактивті жаттығулар кірді.

«Скринингті жүйелі ұйымдастыру және барлық кезеңдердегі сапаны бақылау ғана ЮНЭЙДС — 95-95-95 жаһандық мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі», — деп атап өтті АИТВ ОО бас дәрігерінің орынбасары Анна Каспирова.

           Қорытынды: семинар тәжірибе алмасу және АИТВ-ның алдын алуда медициналық ұйымдардың жұмыс сапасын арттыру үшін маңызды алаңға айналды.