Сенім пунктінің медбикелері АИТВ-ға жедел тестілеу сапасына сыртқы бағалау жүргізді

22
сентябрь 2025

Сенім пунктінің медбикелері АИТВ-ға жедел тестілеу сапасына сыртқы бағалау жүргізді

Сенім пункттеріндегі медбикелер төртінші буындағы «HIV EARLY DETECT» жедел қан анализінің сапасына бақылау жүргізді.

• жедел тесттерді дұрыс орындау,

• есептерді дайындау,

• қателерді талдау және түзету мақсатында мамандар бірлесіп жұмыс істеді.

Сондай-ақ жұмыс жағдайлары мен жедел-тесттердің сапасын бағалау жүргізілді. Алдын алу бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Алтынай Артықбаева қатысушыларға бұл бағдарламаға қатысудың маңыздылығын түсіндірді: бұл тестілеудің дәлдігі мен сенімділігін арттыруға көмектеседі, яғни адамдар нәтижеге сенімді бола алады.

Сапаны бақылауды бағалау нәтижелері бойынша сапа менеджерінің қатысуымен хаттама жасалды.