Облыстың медициналық ұйымдарының дәрігер-нарколог мамандарының қатысуымен кеңес өтті

16
октябрь 2025

Облыстың медициналық ұйымдарының дәрігер-нарколог мамандарының қатысуымен кеңес өтті

 «2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы және есірткі тұтынушылар арасындағы алдын алу шараларының іске асырылуы».
 Кеңесте талқыланды:
  АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі 2023–2026 жылдарға арналған Жол картасының орындалуы;
  Жастар арасында есірткіге қарсы күрестегі дәрігер-наркологтардың үлесі;
  Эпидемиологиялық ахуал және инъекциялық есірткі тұтынушыларды тестілеумен қамту;
  Байланысқа дейінгі және кейінгі профилактикалық қызметтер.
 Қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, алдағы жұмыстың басым бағыттарын айқындады.
  Кеңес АИТВ орталығы мен облыстық психикалық денсаулық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.