АИТВ-мен өмір сүретін адамдар оқи алады, жұмыс істей алады, отбасын құрып, бала тәрбиелей алады, спортпен айналысып, толыққанды өмір сүре алады.
Алайда кейде адам аурудың өзінен ғана емес, түсінбеушілікке, қорқынышқа, айыптауға және кемсітуге де тап болады.
❗️Мынаны білу маңызды:
АИТВ қол алысу, құшақтасу, бірге тамақтану, ортақ ыдысты пайдалану, тұрмыстық заттар арқылы немесе күнделікті қарым-қатынас кезінде берілмейді.
Сондықтан АИТВ-мен өмір сүретін адамға оқшаулану емес, құрмет, қолдау және медициналық көмекке қолжетімділік қажет.
Стигма мен қорқыныш адамдардың уақытында АИТВ-ға тест тапсыруына, медициналық көмекке жүгінуіне және қажетті емді алуына кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан стигмамен күресу — АИТВ профилактикасының маңызды бөлігі.
💚 Әрқайсымыз не істей аламыз?
- Аңыздар мен тексерілмеген ақпаратты таратпау.
• Адамды АИТВ-статусына байланысты айыптамау.
• Әр адамның құпиялылыққа деген құқығын құрметтеу.
• АИТВ туралы сабырлы әрі ұялмай ашық сөйлесу.
• АИТВ профилактикасы мен тестілеу туралы сенімді ақпаратты пайдалану.
Адамды диагнозына қарап емес, оның адамгершілігі мен іс-әрекетіне қарап бағалайтын қоғамды бірге қалыптастырайық.
