Осыған орай, «Триатлон» паркінде жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ауқымды «Тартыл Fest» фестивалі өтті.
Фестиваль барысында қатысушылар үшін спорттық жарыстар, күштік жаттығулар, шығармашылық және ойын-сауық алаңдары ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастарды дене белсенділігіне баулу, зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтының құндылықтарын дәріптеу болды.
АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары фестиваль қонақтарына АИТВ-инфекциясының алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары, уақтылы тестілеудің маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, ақпараттық-білім беру материалдары таратылып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Осындай іс-шаралар жастардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, зиянды әдеттердің алдын алуға және қоғамда салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.
