«Алия» СО Денсаулық күні: АИТВ-ның алдын алу және денсаулық сақтау

2026 жылғы 24 маусымда АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы мен Жастар денсаулық орталықтарының («Самғау» ЖДО Отбасылық медицина клиникасы, «Ювентус» ЖДО №7 Қалалық емханасы, «Жастар» ЖДО №2 Қалалық емханасы) бірлесуімен «Әлия» сауда ойын сауық орталығында жоспарланған акция аясында ақпараттық-профилактикалық іс-шара өткізілді.
Акция барысында барлық ниет білдірушілер АИТВ-инфекциясына жедел тестілеуден өтті. Сонымен қатар, қандағы қант деңгейін анықтау үшін қан талдауы алынып, артериялық қан қысымы өлшенді.

Мамандар АИТВ-инфекциясының алдын алу, уақтылы тестілеуден өтудің маңыздылығы және салауатты өмір салтын ұстану мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.