АИТВ орталығында «Болашақ-Мұра» ҮЕҰ қызметкерлерімен кеңес өтті

2026 жылғы 17 маусымда АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталықта «Болашақ-Мұра» ҮЕҰ қызметкерлерімен бірлескен кеңес өткізілді.

 

Кездесудің негізгі мақсаты – үкіметтік емес ұйым жеңіп алған 5 жобаның жыл соңына дейін сапалы әрі нәтижелі жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, туындаған мәселелерді бірлесіп талқылап, шешу жолдарын нақтылау.

Кеңес барысында:

Халықтың негізгі топтарымен және жастармен профилактикалық жұмысты күшейту;

АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды сүйемелдеу жұмыстарын жетілдіру;

Ақпараттық-оқыту материалдарын дайындау және тарату;

Аудандық деңгейде профилактикалық іс-шараларды жандандыру мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі туралы мәліметтер ұсынылып, алдағы іс-шаралар жоспары талқыланды.

АИТВ-инфекциясының алдын алу бағытындағы жұмыстар мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өзара ынтымақтастығы арқылы жалғасатын болады.