Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамына АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрісі өткізілді.
Дәрісті Ақтөбе облыстық АИТВ-орталығының маманы Динара Уразалинова жүргізіп, қатысушыларға АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары және уақтылы тексерілудің маңызы туралы жан-жақты мәлімет берді.
Іс-шара аясында жеке құрамға АИТВ-ға жедел тестілеу жүргізілді. Қызметкерлер өз денсаулық жағдайын тексеріп, мамандардан кеңес алды.
Мұндай шаралар қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға және АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған.



