Ақтөбе халықаралық әуежайының қызметкерлері арасында науқан

10
декабрь 2018

Ақтөбе халықаралық әуежайының қызметкерлері арасында науқан

​2018 жылдың желтоқсан айының 7-нде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің 30-жылдығына орай, ЖИТС орталығының мамандары Ақтөбе халықаралық әуежайының қызметкерлері арасында «Өз мәртебеңді біл» деген науқанды өткізді.
Науқанда ЖИТС ОО дәрігерлері АИТВ-жұқпасы, АИТВ-жұқпасының  берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы толығырақ айтып берді. Дәрістің соңында қалаған адамдар АИТВ-жұқпасына экспресс әдіспен тестілеуден өтті.