Ақтөбе қаласындағы АИТВ мәселелері бойынша тілшілерге семинар

15
январь 2019

Ақтөбе қаласындағы АИТВ мәселелері бойынша тілшілерге семинар

ЖИТС ОО-ның эпидемиолог дәрігері Д. Уразалинова «РИКА ТВ»телеарнасының тілшілері үшін семинар өткізді. Бұқаралық ақпарат құралдары халық арасында АИТВ туралы дұрыс білімді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, АИТВ-жұқпасы  мәселелері бойынша бар әлеуметтік проблемаларды шешуге ықпал етеді.  
Дәрігер АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге, АИТВ-жұқпасынның берілу жолдары мен қорғау шаралары туралы дұрыс емес түсініктерді қалыптастыруға әкелетін бұқаралық ақпарат құралдарында орын алған проблемалар мен қателіктер туралы айтты.  Сондай-ақ АИТВ-жұқпасының диагнозы үкім емес. АИТВ бар адамдар толыққанды өмір сүреді, отбасын құрып, дені сау бала туады.  
АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы журналистерді таныстырып, сенім телефоны мен жастарға арналған достық кабинеттің жұмысы туралы әңгімеледі.