Ақтөбе қаласында ведомстволармен кеңес

15
февраль 2019

Ақтөбе қаласында ведомстволармен кеңес

2019 жылдың 13 ақпанында Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығында  «Ақтөбе облысында АИТВ-жұқпасының парентералды жолмен берілуін алдын алу» тақырыбында кеңес өтті. 

Кеңесті ЖИТС ОО бас дәрігерінің орынбасары — А.Каспирова өткізді. Кеңеске Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының, ЖШС «Арасан-Ақтөбе», қалалық бөлім және облыстық білім басқармасының, қалалық және облыстық жастар ресурстық орталықтарының, Ақтөбе облысының полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының, «Сенім-Тірек» ҚБ, «ҚР Қызыл Ай Қоғамы» АОФ, облыстық психикалық денсаулық орталығының, жоғары оқу орындарының: Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ, С.Баишев атындағы университет, Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің өкілдері қатысты. 

Кеңес барысында Ақтөбе облысы бойынша АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы, синтетикалық есірткінің облысымызда пайда болуы және оларды тарату тәсілдері, АИТВ-жұқпасының парентералды берілу жолының алдын алу шаралары, БАҚ арқылы тиімді алдын алу тәсілдері (мақалалар, аудио — және бейнероликтер, сыртқы жарнама) сұрақтары қарастырылды.


Халық арасында ресурстық жастар орталықтары, «Арасан-Ақтөбе» ЖШС және ҮЕҰ арасында алдын алу іс-шараларын бірлесіп өткізу туралы шешімдер қабылданды, сондай-ақ Ақтөбе облыстық психикалық денсаулық орталығы мамандарының қатысуымен инъекциялық есірткі тұтынушылар мен аутрич-қызметкерлерге арналған семинар жоспарланған.