Ақтөбе қаласындағы ҮЕҰ-ға дөңгелек үстел

02
апрель 2019

Ақтөбе қаласындағы ҮЕҰ-ға дөңгелек үстел

Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «АИТВ, ЖЖБИ-ның алдын алуға, АӨТ-ны күтуге және қолдауға бағытталған іс-шараларды іске асыру үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, мемлекеттік гранттарды бөлу». 

Іс-шараға ЖИТС ОО қызметкерлері және «ҚР Қызыл Жарты Ай Қоғамы» АОФ, «Сенім тірек» ҚБ, «Ақтөбе дәрігерлер мен провизорлар ассоциациясы» ҚБ және бастамашыл топтың өкілдері қатысты.
 
Іс-шараны бас дәрігердің орынбасары А. Каспирова өткізді. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты: АИТВ-жұқпасының  алдын алу мақсатында халықтың негізгі топтарымен (ХНТ) жұмыс істеуге қызығушылық танытқан барлық ҮЕҰ-ға    мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алу үшін консультациялық көмек көрсету, ХНТ-мен жұмыс істеуді жоспарлайтын бастамашыл топқа және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға (АӨТ)  көмек көрсету, тіркеуге жәрдемдесу және консультациялық көмек көрсету болып табылады.