Ақтөбе қ. автошеру

27
май 2019

Ақтөбе қ. автошеру


2019 жылы 23 мамыр ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу халықаралық күніне орай Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығы «Лада Гранта» автоклубымен бірлесіп қала көшелері бойынша автошеру өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты-ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу, АИТВ мәселесіне   автоәуесқойлардың назарын аудару.
         Автошеру  аяқталғаннан кейін ЖИТС орталығының  мамандары шағын дәріс өткізіп, жұқпадан  қорғану әдістері, АИТВ-жұқпаны  дер кезінде диагностикалау, сондай-ақ өз денсаулығына ұқыпты қарау қажеттілігі туралы айтты.