Ойыл АОА оқыту семинары

26
июль 2019

Ойыл АОА оқыту семинары

2019 жылдың шілде айының 24-нде Ойыл аудандық орталық ауруханасының медициналық  қызметкерлері арасында емдеу алдын алу бөлімінің меңгерушісі Т.Жулумова мен дәрігер-эпидемиолог С.Муртазин «АИТВ-жұқпасының алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында ЖИТС ОО мамандары тыңдаушыларды АИТВ-жұқпасы бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен және өңірдегі эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Семинарда талқылаудың негізгі сұрақтары: АИТВ-ны ауруханаішілік және кәсіби жұқтырудың алдын алу, донорлықтың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің АИТВ мәселелері бойынша білім деңгейін бақылау үшін семинарға дейін және одан кейін сауалнама жүргізілді.