Аутрич қызметкерлерге арналған дөңгелек үстел.

15
август 2019

Аутрич қызметкерлерге арналған дөңгелек үстел.

2019 жылдың тамыздың 13-нде Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында аутрич қызметкерлері мен облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігерлерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.  Ақтөбе облысындағы есірткі ахуалы және «тұз»есірткісін пайдаланудың алғашқы жағдайлары талқыланды. Іс-шарада аталған затты қолданудың салдары және оған тәуелділікпен күресу шаралары туралы айтылды. 

Ақтөбе облысында қазірде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Алайда, «тұзды» есірткіні тұтынушылар басқаларға қарағанда АИТВ-жұқпасын жұқтыруға бейім. Тұтынушыда өзін-өзі бақылау жоғалады, ал жиі қолданғанда оқиғалардың себебін түсіну қабілеті де жоғалады, бұл аурулардан басқа, алдын алуға болмайтын зардаптарға әкеп соғуы мүмкін. 

Сондықтан, дәрігерлер есірткіге тәуелділіктің алдын алу мақсатында, ата-ана баласымен сөйлесіп, тәуелділіктің алғашқы белгілері кезінде алдын алу орталығына жүгінуді сұрайды.