«AFEW Kazakhstan» компаниясы менеджерінің қатысуымен семинар-тренинг.

16
август 2019

«AFEW Kazakhstan» компаниясы менеджерінің қатысуымен семинар-тренинг.

12 тамыз күні  ЖИТС орталығының мамандары мен қызметкерлері үшін AFEW Kazakhstan қоғамдық қорының менеджері—Берік семинар-тренинг өткізді.

Ол Тәуелсіз Мемлекеттер Одағы мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай, антиретровирустық терапияны алу қажеттілігі, емдеу сызбасын сақтау, сондай-ақ адам құқықтары туралы толығырақ айтып берді. Менеджер қатысушыларға сілекей бойынша АИТВ-ға экспресс-тестілеуді дұрыс өткізуді көрсетті, оны өткізуге қойылатын ережелер мен талаптар туралы айтты. Осы экспресс тесттер АИТВ болған жағдайда 93% — ға және ол болмаған жағдайда 99,9% — ға дәл нәтиже береді. Нәтиже 20 минуттан кейін дайын. 

AFEW Kazakhstan қоғамдық қоры — Қазақстан коммерциялық емес ұйымы, Нидерланды, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан  және Украинада ұйымды біріктіретін AFEW желісінің мүшесі. Осы ұйымның миссиясы — жынысына, жасына, жыныстық, діни немесе басқа да артықшылықтарына қарамастан, Қазақстан Республикасының әрбір тұрғыны АИТВ-жұқпасының және басқа да әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу және емдеу бойынша сапалы қызметтерге кедергісіз қол жеткізе алатын жағдайлар жасау.